«Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС іске жарамды құжаттар шеңберінде,сонымен бірге тапсырыс берушілерге қосымша хабарланған обьекттерге (салуға) қызмет көрсетуі бойынша жұмыс көлемін ұлғайту төңірегінде, тиісті обьекттерді өрттен күзетуге рұқсат беретін күш пен құрылғылардың резервін жайғастырады.
«Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС өрт сөндіруші бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында тапсырыс берушілермен келіскен күн тәртібімен өрт–тактикалық оқу-жаттығулар мен өртке қарсы қалыптастыруды үйрететін қосымша сабақтар жүргізіледі, өрт сөндіру кезіндегі оперативті жоспарлар құрылады.
Компанияның барлық жұмысшылары күзететін обьекттерде іске жарамды ережелерді талап ету көлемінде қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту курстарын өткізеді және нұсқаулықтармен танысады.
Жүзеге асырылатын өртке қарсы профилактикалық іс – шаралардың жылдық кешені 2001 жылдан қазіргі кезге дейінгі кезең аралығында қорғайтын обьекттердегі өрттердің санын нольге дейін жеткізді. Дегенмен , «Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің күшімен өткен кезеңде обьекттерде және оның маңындағы кәсіпорындар аумағында, сонымен қатар елді мекендерде болған 262 өрт сөндірілді және 364 адам құтқарылды.
Бүгінгі күнде өрттердi ескертудің алдын алу жұмыстары жүргiзiлуде. Қорғалатын объектілерде өрттiң туу динамикасы 2002 жылмен салыстырганды бірнеше ретке азайғанын көрсетедi. Iс жүзiнде өрт тудырушы негізгі фактор-адам факторы болып табылады.
Өрт серпінділігі 2002-2011жж.