«Семсер-өрт сөндіруші» ЖШС Корпоративтік Кодексінің негізгі Ережесі
«Семсер-өрт сөндіруші» ЖШС табыс алудың және қызмет көрсетудің/жұмыстың сапасын арттырудың маңызды шартында қызметкерді кілттік ресурс ретінде, бәсекелестермен күресу жолында капитал ретінде , ал оған кеткен шығындар –бизнесті дамытуда ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырады.
Кадр саясатының негізгі құрайтындары Компанияның стратегиялық мақсаттарының табысына қол жеткізуге жәрдемдесу арқылы іске асатын тәсілмен жеті өзара байланысты облысты қамтиды:
- қызметкерді таңдау;
- қызметкердің себептері;
- қызметкердің бағалары;
- еңбек қауіпсіздігі;
- еңбек тәртібі;
- корпоративтік мәдениет.
Кадр саясатын жүзеге асыру – бұл Компанияның кадр қызметінің мамандары қолдау көрсететін, қызметкерлерді басқару процесімен жалпы басқаруды жүзеге асыратын барлық Компания басшыларының жауапкершілігі.
Мақсаттары:
- қызметкерді тиімді басқару жүйесін құру арқылы қызметкерге инвестицияларынан үлкен көлемде қайтарым алу;
- білікті қызметкерлерден тұратын команданы құру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңының талаптарын сақтай отырып, сонымен қатар ең үздік қазақстандық және халықаралық стандарттарды, сондай-ақ қызметкерді басқару жүйесін құрудағы тәжірибені қолданып, әлеуметтік әрiптестiк принциптеріне негізделген әрбiр қызметкермен қатынас орнату .
Тапсырмалары:
- адам капиталын ұтымды қолдануға шарт құру;
- кадр алмасуының коэффициентін төмендету;
- Компания үшін білікті кадрларды іріктеп алу жүйесін қалыптастыру;
- Компанияның стратегиялық мақсаттарына қызметкер құрамының толық сандық және сапалы сәйкестiгiне жету;
- қызметкердің тиiмдi себеп жүйесiн жасау;
- қызметкердің бағасының тиiмдi жүйесiн жасау;
- бiртұтас бiрлескен мәдениеттi қалыптастыру және қолдау.
Принциптері:
- Компания мен қызметкер арасында арақатынастардың әдiлдiгi;
- кез келген қызметкерге жеке тұлға ретінде қарау;
- қызметкерлер үшін кәсіби және жеке дамытуына тең мүмкіндік туғызу;
- қызметкердің қызметін бағалау үшін нақты, қол жетімді мақсаттарды анықтау;
- Компания қызметкерлерінің қызметтерінің мансабын өсіруде, кәсіби құзырларын бағалауды жүрзізуде және нәтижелерінің жоспарын жасау негізінде тұрақты кері байланыс орнату.
Басым бағыттар:
- қызметкердiң себеп жүйесiн енгiзу және өңдеу;
- қызметкердің бағалау жүйесiнiң енгiзуi және кадрлық резервтiң құрастыру;
- барлық Компания басшылары мен Компанияның кадрлық қызметінің қызметкерлерінің бағалау процедураларының негiзiнде қызметкерге бiрлескен жауапкершiлiктi құрастыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының талаптарымен сәйкес Компания қызметкерінің есеп жүйесі мен кадрлық iс жүргiзу масштабтарында бiртұтас өңдеу және автоматтандыру.
Кадр саясатын іске асыруда мүдделер жанжалын алдын алу
Компания қызметкерлері Компания мүдделерін жанжалға алып келетін іспен шұғылдана алмайды немесе мұндай жанжалда қызметкерлер тура немесе жанама, жанұя мүшелері немесе басқа адам арқылы қатыстырылған болмауы керек, осыған ұқсас жұмыста қызметкер атынан әрекет жасамауға тиіс.
Қызметкер Компанияны, оның абыройын, қызмет мәліметін өзінің жеке немесе басқа тұлғалардың арам пайда мақсатына пайдаланбауы керек.
Қажеттiлiк туған жағдайда қандай да бір адамның немесе фирманың қызметін кеңесші қызметi ретiнде пайдаланбас бұрын, бұл адаммен немесе фирмамен және Компания аралығындағы дауға алып келетін мүдделер тарапынан соқтығысу жоқ екендігіне көз жеткiзу керек;
Компания мүдделерінің жанжал шығуының алдын алу және анықтау мақсатында:
- әрбiр лауазымды тұлға мен қызметкердi жұмысқа қабылдауда осы Кодекстің мазмұнымен таныстыруды қамтамасыз етедi;
- осы Кодекстiң мазмұнын Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне дейiн жеткiзуге бағытталған жүйелi түсiндiру жұмыстарын өткiзедi;
- коммерциялық және қызметтiк құпияның қорғауын қамтамасыз етедi;
- iшкi бақылаудың жүзеге асуын қамтамасыз етедi;
- осы Кодекспен қойылған талаптар және шектеулердi сақтамаған жағдайда тәртiп жазасының түрлерiн Қазақстан республикасының заңымен ескерілген ретте орнатады.