Даму стратегиясы мен міндеті
«Семсер - Өрт сөндіруші» үнемі кәсіби деңгейді арттыра отырып, өрт күзеті мен авариялық сақтау жұмыстарын қамтитын өрт қауіпсіздік қызмет саласында интегрленген даму стратегиясын жүзеге асырады.
Өз қызметінің стратегиялық мақсат негізі ретінде компания тұрақты экономикалық дамуды
және кәсіби қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, сапа менеджмент жүйесін жетілдіруді анықтайды.
«Семсер - Өрт сөндіруші» стратегиясы тапсырыс беруші қорын кеңейтуге, сапаны жақсартуға және қызмет көрсету тиімділігіне бағытталған.
Компанияның қызметі тұрақты тапсырыс берушілерге ұсынатын қызмет, сонымен бірге қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға арналған жаңа өнімдерді (авариялық құтқару жұмыстары, мұнайдың төгілу зардаптарын жою және т.б.) жеткізу үшін ұсынатын қызмет көлемін өсіруге бағытталған, және де тапсырыс берушілердің кәсіпорындары мен обьектілерінде қазіргі заманғы техникалық құрылғыларды (өрт сигнализация, видеобақылау, өрт сөндіруші құралдар және т.б. құралдар) ендіруді қалыптастыруға бағытталған.
«Семсер - Өрт сөндіруші» қызмет нарығын жаңа пайдаланушыларға (мұнай – газ кәсіпорындарына, сонымен бірге Каспий теңізінің шельфіндегі және де энергетикалық сектордағы обьекттерге (ГРЭС, ЖЭО, АЛЭС және т.б.)) қызмет көрсету арқылы (конкурс негізінде) кеңейтетін болады.
«Семсер - Өрт сөндіруші» тапсырыс беруші қорын басқа сектордағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, яғни компанияның жеткілікті кадрлық және материалдық ресурстарымен қамтамасыздандырылған , масштабтың әсерін қолдануға қабілетті аудандарға
(салыстырмалы ағымдық шығындардың төмендеуі, әр түрлі тапсырыс берушілерге көрсететін
қызметі үшін логистика қолданудан синергетика) қызмет көрсету жолымен кеңейтеді.
«Семсер - Өрт сөндіруші» өзінің қызметін ықшамдау шығынын (мобилизация/демобилизация)
қамтамасыз ету, жоспарлау тиімділігін арттыру және ресурстарды басқару мақсатымен, қолданушыларға орта жеделдік шарт (3 жыл) жасасу мүмкіндігіне қол жеткізуге ұмтылады.
«Семсер - Өрт сөндіруші» қызмет сапасын арттыруды келесі жолмен қамтамасыздандырады:
• басқару жүйесін жетілдіру;
• өрт қауіпсіздігін және авариялық құтқару жұмыстарын , қолданушылардың біліктілік талаптарын қамтамасыздандыру бойынша қажеттілік сараптамаларды жиі жүргізу;
• өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы тәжірибелерді үйрену және қолдану;
• өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құрал– жабдықтарын (өрт сөндірудің автоматтық орнатулары, өрт дабыл беруші жүйелері, сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырлары, өрт
сөндірудің алғашқы құралдары және т.б. ) іс-әрекетке қолдануға әзірлігін, дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
• күзететін обьектілердің басшыларына қазіргі өртке қарсы құрал–жабдықтар мен техникалық жүйелерді енгізуге, технологиялық үдерістердің өрт қауіпсіздігін төмендетуге және жеке технологиялық операцияларға ұсыныс жасау;
• тапсырыс берушілердің әртүрлі салалардағы топтарға (құбыр компаниялары, туған жері, НПЗ, мұнай базалары мен АЗС, энергетикалық саладағы обьекттер (ГРЭС, ТЭЦ, АЛЭС), офистер және т.б.) арналған қызмет түрлерінің стандартизациялары мен өңдеулері;
• материалдық базаны жаңарту (қазіргі құрылғылар мен технологияларды иелену) және аймақтық инфрақұрылымдарды дамыту;
• әзірлік деңгейін және қызметкерлердің дайындығын жоғарылату;