Компания туралы
«Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС «Қазмұнайгаз» АҚ ҰК компаниялар тобы құрамына енетін мекеме болып табылады.
2001 жылдан бастап, компания обьектілерді өрттен қорғау бойынша қызмет көрсетеді және Қазақстан нарығындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуші жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Қызметтің негізгі көлемі мұнай және газды тасымалдауға мамандандырылған, мұнай өнімдерін сақтау және өткізу, сондай-ақ энергетикалық сектордағы мекемелерге көрсетіледі.
Қызметтер Қазақстан Республикасының заңдық және құқықтық актілеріне сәйкес және мемлекеттік емес өрт сөндіруші қызмет «Семсер - Өрт сөндіруші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ережесіне сәйкес көрсетіледі.
Қызметтер Қазақстан Республикасының заңдық және құқықтық актілеріне сәйкес және мемлекеттік емес өрт сөндіруші қызмет «Семсер - Өрт сөндіруші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ережесіне сәйкес көрсетіледі.
Компания қызметінің негізгі түрлері:
- өртті сөндіру;
- обьектілерді өрттен қорғау;
- өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
- өртті өшіруге байланысты бірінші кезектегі апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу;
- төтенше жағдайлар әсерлерін жою бойынша бірінші кезектегі апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу:
- мұнайдың апатты ағып кетулерін жою;
- газдан құтқару жұмыстары;
- Жол көлік апаты әсерлерін жою;
- биіктіктерде жұмыс істеу;
- тұйық кеңістіктерде жұмыс істеу.
Жалпы мәліметтер:
Құрылған күні 2001 ж.
Қызметкерлер саны (филиалдарды қосқанда) 1400 адамнан көп.
Филиалдар саны – 11
Аймақтық өкілдер – 1