Қауіпсіздік кепілдігі
03 Мамыр 2025 г., Сенбі
Баспасөз орталығы
20.03.2012 

Ағымдағы жылдың 14 -15 наурыз аралығында компания қызметкерлері «AIPS-2012 – Күзет, қауіпсіздік, құтқару құралдары мен өртке қарсы қорғау» 2-і Қазақстандық халықаралық көрмеге қатысты.

Көрмеге ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен Алматы қ. Әкімдігі ресми қолдау көрсетеді.

КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР:
Күзет, қауіпсіздік үшін жабдықтарды, технологияларды, бағдарламалық қамсыздандыру мен қызметтерді, құтқару, өртке қарсы қорғау, кіруді бақылау  құралдарын және  басқасын өндірушілер мен тасымалдаушылар.   

КӨРМЕГЕ КЕЛУШІЛЕР:
Күзет, қауіпсіздік, бейне бақылау және т.б. салаларында қызмет атқаратын компаниялар:
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің, Астана қ. әкімшілігінің, құқық қорғау, кеден және полиция органдарының, шекара қызметтерінің өкілдері, жобалау, құрылыс және монтаж ұйымдарының бастықтары, банктер мен басқа қаржы ұйымдары қауіпсіздік қызметтерінің  басшылары, әуежайлар мен мемлекеттік тағайындалған ғимараттардың қауіпсіздік қызметтерінің басшылары, күзет ұйымдарының өкілдері және басқалар.

Теги
Соңғы жаңалықтар