Қауіпсіздік кепілдігі
03 Мамыр 2025 г., Сенбі
Баспасөз орталығы
Халықаралық ғылыми – практикалық конференция
14.11.2011 

Үстіміздегі жылдың 10-қарашасында Алматы қаласында «SEMSER» компанияларының тобы «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қамқорлығымен «Стратегиялық және басқа қауіпті өндірістік объектілер қауіпсіздігінің кешенді жүйесін қамтамасыз етудің көкейкесті мәселелері» халықаралық ғылыми –практикалық конференция өткізді.
Конференция «Семсер» арнайы оқу орталығының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашасындағы № 1027 қаулысымен құрылғанының 3-жылдық мерейтойын тойлауға арналған.
Аталмыш іс-шараға «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компаниялардың («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Самұрык-Энерго» АҚ, «KEGOС» АҚ, «Қазақстан Инжиниринг» АҚ), бірнеше шетелдік компаниялардың («Тенгизшевройл» БК» ЖШС, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в.», «ЛУКОЙЛ» ААҚ), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігін қоса мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық ұйымдардың және ғылыми қауымдастықтың қырықтан астам өкілдері қатысты.
Қатысушылар конференция шеңберінде қазіргі қауіптер мен тәуекелдерді, оның ішінде ланкестік сипаттағыларды ескере отырып стратегиялық және басқа қауіпті өндірістік объектілердің кешенді қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етудің көкейкесті мәселелері жөнінде сындарлы сұхбаттасты, мемлекеттік емес күзет ұйымдарының, өртке қарсы және апаттан құтқару қызметтері қызметкерлерінің кәсіби дайындығы және оларды қайта даярлауға қатысты тәжірибелерімен алмасты.
Конференция ел экономикасы салаларының стратегиялық маңызды объектілерінің кешенді қауіпсіздігі мүдделерінде мемлекеттік-жеке әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған шараларды сарапшылар талқылауына негіз болды.

Теги
Соңғы жаңалықтар