Қауіпсіздік кепілдігі
03 Мамыр 2025 г., Сенбі
Баспасөз орталығы
«Semser» компаниялар тобы қызметкерлердің төтенше жағдайдағы іс-әрекетке дайындық деңгейін жетілдіруде
26.09.2011 

«Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС бастамасы бойынша 2011 жылғы 6 мамырда Жамбыл облысының Рысқұл ауданының Құлан кентінде «Азия газ құбыры» ЖШС компрессорлық станциялары біреуінің негізінде ТЖ салдарын жою бойынша жоспарлы өрт – тактикалық жаттықтырулар өткізілді.
Оқу- жаттығулар  «Semser Security» ЖШС Жамбыл филиалының, ЖШС «Азия газ құбыры», Жамбыл облысы бойынша ТЖД, Жамбыл облысы бойынша ТЖД «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстарының қызметі» Мемлекеттік мекеменің өкілдері, басқа жергілікті атқару органдарының және жедел медициналық көмек қызметкерлері қатысты.
Оқу- жаттығулар барысында негізгі және арнайы өрт сөндіру техникасымен пайдалану дағдыларымен қатар ТЖ әрекет етудің ұйымдастыру аспектілерінің кешені меңгерілді, күзет объектілерінің кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі бөлімшелердің, арнайы құтқару қызметтердің жұмысының жөнге салынғандығы тексерілді.
Іс-шара «Semser» компаниялар тобы жеке құрамының ТЖ әрекеттерге дайындық деңгейін бұдан әрі арттыруға, мемлекеттік органдардың жедел әрекет ету қызметтерімен және көмекші күштерімен әрекеттесуді жақсартуға мүмкіндік туғызды.

Анықтама:
«Semser» компания топ бөлімшелерінің жеке құрамы жоғары тактикалық білімімен, белсенді және батыл әрекеттерімен және тәртіптілігімен ерекшеленеді. «Semser» компания тобының барлық бөлімшелері әр уақытта әзір, күзетті қамтамасыз етудің бүгінгі күнгі техникалық, арнайы құралдарымен және арнайы өртсөндіру техникасымен жабдықталған.

 

 

Теги
Соңғы жаңалықтар