Қауіпсіздік кепілдігі
03 Мамыр 2025 г., Сенбі
Баспасөз орталығы
2011 жылдың 22 – 23 сәуірінде «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Алматы қаласында жас өрт сөндірушілер жасақтарының слетін өткізуге белсенді түрде атсалысты.
26.09.2011 

2011 жылдың 22 – 23 сәуірінде «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Алматы қаласында жас өрт сөндірушілер жасақтарының слетін өткізуге белсенді түрде атсалысты.

26.09.2011. От – адам таныған табиғаттың үлкен ғажайыптарының бірі. От  ежелден адамға жылу және жарық сыйлаған, жабайы жануарлардан қорғаған. От – ұлы көмекші. Адамның бақылауында болса, біздің өмірімізді жеңілдететін және қолайлы ететін қажетті қызмет атқарады. Ал адамның бақылауынсыз от қорқынышты зіл-залаға, яғни өртке алып келеді.

Өрттің басты себепкері – адам. Сондықтан мектеп кезінен өрт қауіпсіздігін білген өте маңызды. Білім алған балалар өзінің басынан өткізе алады және басқаларға жәрдем бола алады. Осыған арнап жас өрт сөндірушілер жасақтарын оқыту мекемелерінде өртке қарсы күрескермен техникалық жағынан танысады, өрт сөндіру тәсілдерін үйренеді, өзінің құрдастарына және кішкене балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жас өрт сөндіруші болу - әрдайым көмекке келуге әзір болу, адамдарды құтқару, қоршаған ортаны жақсартуға ат салысу.

Осы бағытты дамытуда оқыту мекемелерінде, Алматы қаласы және Алматы облыстары бойынша «Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС филиалдары жергілікті білім басқару органдары және ҚР ТЖД ТЖМ аумақтық органдарына  ең үздік мектептерді анықтауға арналған жарыс өткізуге қатыстыру үшін өтініш берілді.

Жеребе тастаудың нәтижесінде  біздің филиалға Алматы қаласы Алмалы ауданы №136 орта мектебін анықтады. Шамамен қалалық слетке шыгаруда біздің жетекті мектеп Алмалы ауданында 16 мектеп қатысушылар арасынан 1 –ші орынды иеленді.

2011 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласының №1 ТЖД мамандандырылған қатарының аумағында жас өрт сөндірушілер жасақтарының слеті өтті.  Оңтүстік астананың қалаларынан өзінің аумағында бірінші орынды иеленген 8 мектеп қатысты. Слетке 14 -15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты.

Слет 4 кезеңнен құралды. Ең үздік капитан, ең үздік санитарлар, ең үздік қабырға газет конкурстарында біздің жетекті мектеп жүлделі орындарға ие болды. Іс- шараға 2011 жылдың 23 сәуірінде жаңалықта көрсетілген, «Рахат» телеканалының журналистері қатысып кетті.

Спорттық шараларды ұйымдастырушыларға №136 орта мектебінің ата – аналары, жарысқа қатысушылар және орта мектеп әкімшілігі алғыстарын білдіріп жатты.

 

Анықтама:  Жас өрт сөндірушілер жасақтары (ЖӨЖ) – жалпы білім беретін мектеп қатысушылары, қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, интернат мектептер мен Балалар үйлерінің балаларына өрт қауіпсіздік шараларын үйрету жүйесін жетілдіру мақсатында, олардың жеткілікті хабардар болу, өрт – техникалық білім беру пропогандалары, өрт қауіпсіздік ережелерінің пропогандасы бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу, балаларды азаматтыққа, ерлікке, өртті ескертуге және өртте шара қолдана білуге бағытталған физикалық шынықтыруда және басқа да тапсырмаларды жүзеге асыруға тәрбиелейтін ерікті бала қоғамдық кауымдастығы.

Жас өрт сөндірушілер  - ЖӨЖ қызметтерін өз еркімен орындауға қатысатын 10-нан 18-ге дейінгі мектеп жасындағы жасөспірімдер.

Теги
Соңғы жаңалықтар